«Саутс Ойл» ЖШС-нің келісімшарт аумағында негізінен орта және төменгі Юраның тақтатас мұнайтудырушы жыныстарында жатқан тақтатас мұнайының перспективалық шоғырын табуға және дәстүрлі емес (тақтатас) көмірсутектер қорларын есептеу бойынша бекітілген нұсқаулықтың болмауына қатысты өтінішіне «KAZENERGY» ЗТБ және «Еуразиялық инженерлік қауымдастық» ЗТБ өзара келісімшарт жасасты, оның шеңберінде Қауымдастық жоғарыда көрсетілген құжатты әзірлеу және кейіннен жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз табыстау бойынша өзіне міндеттеме алды.
Қауымдастық үлкен жұмыс жүргізді, «дәстүрлі емес» мұнайдың ағымдағы жай-күйіне кешенді талдау жүргізді, одан әрі технологиялық даму әлеуетін және жаһандық мұнай нарығына ықпалын, «дәстүрлі емес» мұнай қорларын есептеу бойынша шет елдердің тәжірибесін зерделеді, орналасу ерекшелігін ескере отырып, «дәстүрлі емес» мұнай қорларын есептеу әдісі таңдалды. Бұл жұмысты орындауға мұнай–газ саласының жоғары білікті мамандары, сарапшылар, қауымдастыққа мүше компаниялардың талдаушылары тартылды.
Қауымдастықпен:
- Пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын қорларын есептеу жөніндегі нұсқаулық
- Пайдалы қатты қазбалар қорларын есептеу жөніндегі нұсқаулық
- Жерасты суларының қорларын есептеу жөніндегі нұсқаулық
- Дәстүрлі көмірсутектер қорларын есептеу жөніндегі нұсқаулық
- Пайдалы қазбалардың қорлары мен болжамды ресурстарын жіктеу әдістемесі әзірленді
Нұсқаулықтар мен әдістеме ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген, ҚР Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 ақпанда тіркелген.
Нұсқаулықпен https://adilet.zan.kz/rus/docs/ V2300031839 сілтемесін басу арқылы танысуға болады.
