2022 жылғы 30 мамырда «Еуразиялық инженерлік қауымдастық» заңды тұлғалар бірлестігі құрылды
«Еуразиялық инженерлік қауымдастық» заңды тұлғалар бірлестігі инжиниринг және жобалау саласындағы коммерциялық емес ұйымдар бірлестігі болып табылады.
Қауымдастықты құрудың мақсаты Қауымдастыққа мүше компаниялардың серпінді және тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру болып табылады.
Қызметтің негізгі бағыты Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, мемлекеттік органдармен, халықаралық және өзге де коммерциялық емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас кезінде қауымдастық мүшелерінің мүдделерін білдіру, қызметтің негізгі стратегиялық бағыттары бойынша Қауымдастық мүшелерінің бірыңғай ұстанымын әзірлеу, ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды талдау және әзірлеу болып табылады.


